Қаламызда бұл үрдістің жылдам әрі жеңіл жасалу жолын түсіндірді. Одан бөлек, денсаулық сақтау басқармасының брифингінде тұрғындардың емхана ауыстыру барысында қандай қиындықтар кездесетіндерін де айтып өтті.
Өткен жылы емханаға тіркелу мүмкіндігін 300 мың қазақстандық пайдаланған еді. Олардың қатары биыл да азаймаған. Солардың бірі — Айгүл Бердіқұлова.
Айгул Бердіқұлова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен осы емхананы таңдадым. Таныстарым мұндағы дәрігрелрдің өте білікті екендігін айтты. Сондықтан мен өз таңдауымды жасадым».
Келесі жылдан бастап республикамызда міндетті медициналық сақтандыру енгізіледі. Оның мәнісі бүгінде ел тұрғындарына жан-жақты түсіндіріліп келеді. Сақтандыру аясында тұрғындар емхананы өздері таңдауға құқылы. Шымкент қаласында 99 емхана болса, соның 33-нің жартысына жуығы мемлекеттік.
«Азаматтар тіркелу үшін ХҚКО әр азаматтың электронды кілті беріліп жатыр. Сонымен жеке кабинет арқылы тіркелуге мүмкіншілігі бар. Жеке кабинеттің ішінде әр азамат бас дәрігердің атына өтініш жазса, автоматты түрде тіркеледі».
Тіркелетін емхананы өз еріктерімен таңдаудың да талабы бар. Жанұя мүшелерінің барлығы бір медицина орталығына қаралатын болуы шарт. Сондай-ақ, тіркелген емхананы бір жылда бір рет қана ауыстыруға болады.
Назерке Үкібасова