Қазақстан азаматшасы Қытайға 4 млн. аса теңге көлеміндегі декларацияланбаған қаражатты өткізбек болған

109
фото Sputniknews.kz.

Алматы облысы бойынша МКД «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Алматы облысы бойынша ДЭР қызметкерлерімен бірлесіп «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде ҚР-дан ҚХР-ға шығу кезінде қол жүгінде белгіленген нысанда декларацияланбаған 4 065 000 теңге ақша қаражатын, бұл баламада 10 423 АҚШ долларын құрайды (21.10.2019 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы 1 АҚШ доллары 389 теңге 98 тиынды құрады).

Қазіргі уақытта кінәлі тұлға ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін жалпы сомадағы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын әкелуге немесе әкетуге құқылы.

10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сома, ЕАЭО елдері кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, міндетті кедендік декларациялауға жатады.
Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда кедендік декларацияны беру арқылы жүзеге асырылады. Декларацияда көрсетілген қаражатқа салық салынбайды.