Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Медицина өкілдері «Қырғы базары» аумағындағы саудагерлер мен таксистерге келер жылдан бастап медициналық көмекті қалай алу керектігін түсіндіріп, сақтандыру қорына төленетін жарналар туралы айтып береді.
Сондай-ақ, шара барысында мамандар радиорубка арқылы хабарландыру жасап, ақпараттық-танымдық материалдар таратты.
Айта кетейік, мамандардың қолдауымен №27, №84, №74,№35,№12, №126, №19, №135 бағытттағы қоғамдық көліктердің теледидарларында медициналық сақтандыру туралы бейнероликтер көрсетілуде.