Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінде заңсыз ұсталып отырған 21 адамды босатты

440
фото Sputniknews.kz.

Шымкент қаласының прокуратурасы а.ж. 9 айын қорытындылады. Жиынды ашқан қала прокуроры Мақсат Қожабаев, қадағалау органымен атқарылған бірқатар оңды жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Атап айқанда, 31 119 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалған, жүргізілген 41 тексеру және 117 талдау нәтижесінде 580 мың адамның құқықтары қорғалғалып, 600-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытқаны үшін 4428 мұғалімнің жалақысына қосымша 62 млн. теңге өндірілген.

Прокурорлық актілер негізінде 227 мың тұтынушының құқықтары қорғалып, 211 мың шарттан артық талаптар алынып тасталса, су тарифі (82,20-дан 73,65 теңгеге) және газ тарифі (3587,67-ден 3497,91 теңгеге) төмендеген.

2 монополисттің іс жүзінде кетпеген шығындарды тарифке қосу деректері прокуратураның АЕК-не тіркеліп, бүгінгі таңда қылмыстық істер тергелуде.
Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бағытындағы тексеру нәтижесінде анықталған 91 млн. астам теңгеге дәрілік заттарды ұрлау және оларды жасырын қоймада жинақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, тергелуде.

Жол қауіпсіздігінің сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде 6 000 астам заңдылықты бұзушылық деректері анықталып, 16-ы АЕК-не тіркелген.
Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінде заңсыз ұсталып отырған 21 адамды босатып, соңғылардың бостандық құқықтарын қалпына келтірді.

Полиция органдары 400 компьютермен қамтамасыз етілудін нәтижесінде, тергелетін электрондық қылмыстық істердің саны 8 есеге дейін артты (380/3082).
50 азаматқа қатысты шығарылған үкімдер прокурордың аппеляциялық өтінішхатынан соң заңнамаға сәйкестендірілді.

Мәжілісті қорытындылай келе, қала прокуроры қылмыстық қудалау орбитасындағы барлық қатысушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және цифрландыру саясатын одан әрі жаңғыртуға бағытталған шараларды күшейту қажеттігін тапсырды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының прокуратурасы