Қажыны бопсалаған тілшілер сот залынан босатылды

617

Шымкентте білдей қажыны бопсалаған екі журналист сот залынан босатылды. Дегенмен адам ұрлады деп айыпталған тілшілердің бірі екі жарым жылға сотталып, кәсіби қызметпен айналысуға үш жылға дейін тиым салынды. Сондай-ақ, журналистермен қатар бұл іске қатысы бар Ордабасы ауданының бұрынғы депутаты да сот үкіммен айыпты деп танылып, жазаға тартылды.

Сот отырысында судья үш тілшіні де айыпты деп таныды. Әл Фараби аудандық соты екі қылмыстық іс бойынша айыпталған Анаркүл Сүлееваны екі жарым жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарып, сот залынан босатты. Соттың соңғы шешімі бойынша ол «адам ұрлау» бабы бойынша ақталды.

Сондай-ақ, бұл іске қатысы бар тағы екі журналистке судья шешім шығарды. Солардың бірі Ғабиден Рахманбердиевке де екі жарым жыл шартты жаза кесілді. Бірақ, заңды шешім бойынша Бағила Қадырбаева жазадан оңай құтыла алмады. Соттың үкімі бойынша ол екі жарым жылға сотталып, кәсіби қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынды.

Еске салайық, қылмыстық іске қатысы бар журналистер ауыл молдасын бопсалап, мас қылып, жалаңаш күйінде бейнеге түсірген. Кейін бұл бейнежазбаны «ютуб» желісіне салып, таратып жібереді. Бұл оқиғаның өзі 2017 жылдың ақпан айында Шымкент қаласында болған. Көпшілікке «Асабай қажы» атымен танымал молданы айыпталушылар қасақана мас етіп, жалдамалы пәтерге апарып, шешіндіріп, жалаңаш күйінде бейнетаспаға түсірген. Алайда Анар Сүлеваның өзі бұл айыппен келіспейді.

Тілшілердің құрбаны болған қажының өзі бұл әрекетті бұрынғы құдасының тапсырысы деп отыр. Соттың шешімі бойынша қажының құдасы да кінәлі деп танылып, екі жылға шартты түрде жазаға кесілді. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енбеді. Екі тарап да соттың шешімімен келіспеген жағдайда аппелециялық шағым беруге құқылы.