Қыс мезгілінде жылы әрі сәнді болып жүргісі келетін нәзікжандылар үшін жағымды жаңалық. Шымкенттегі SARIGIANNI галереясы сыртқы киімдердің жаңа үлгілерімен толықты. 2000-нан аса тондар Грециядан жеткізілген. Отандық нарыққа 2015 жылы келген бренд бұдан былай ер азаматтарды да қуантпақ.

Қысқа қамданған нәзікжандылар үшін SARIGIANNI галереясы тонның 2000-нан аса түрін ұсынады. Қарасаң көз сүрінетін бағалы киім арасынан өз қалауын үлкен жастағы аналар, талғамы биік бикештер мен ер азаматтар да таба алады. Түрі мен түсі, ұзындығы мен өлшемі әр алуан ішіктер арасынан іздегенін тапқандар көп.

Дүкен иелерінің айтуынша SARIGIANNI келушілерді сан түрлі жаңашылдықтарымен қуантуға дайын. Мәселен, 2015 жылдан бері киімдерін тек нәзікжандыларға ұсынған олар енді ерлерге де сәнді киімдер ұсына алады. Онымен дүкеннен сауда жасаған әр клинетке жеңілдіктер ұсынып, сыйлықтар үлестірмек. Әр келушіге табиғи теріден жасалған тонды жасандыдан қалай ажыратуға болатынын көрсетіп те береді.

Анна Мордвинцева, SARIGIANNI галереясының директоры: «Сапалы ішікті ажырату қиын емес. Мәселен, келген әр тұтынушыға біз өз тондарымыздың сапасын қиындықсыз көрсете аламыз. Жоғары сапалы ішіктер қашан да ашық болады. Мысалы, мынау америкалық өнімнің сапасына ешқандай мін таға алмайсыз».

70 пайызға дейінгі жеңілдіктер алдағы қыс маусымында да жалғаспақ. Егер өзіңіз армандаған тонды көп іздемей тапқыңыз келсе SARIGIANNI галерея сатушылары сізді аптаның әр күнінде күтеді. Былғары және тондар галереясы «Дархан» аялдамасы маңындағы «Софа» сауда орталығында орналасқан.