Шымкентте арзан бағадағы кілемдер жәрмеңкесі өтеді

1048

Шымкентте арзан бағадағы кілемдер жәрмеңкесі өтеді. Онда кілем мен кілемшенің 2000-нан астам түрі қойылады. Жәрмеңкеде отандық өндіруші «Бал текстиль» компаниясының өнімдерін үлкен жеңілдікпен сатып ала аласыз. Бағасы небәрі 150 теңгеден басталады.

Шоқан Метчебай, «Bal tekstil» компаниясының маркетинг бөлімінің директоры: «Кішкентай кілемшелер 200 теңгеден басталады. Орындыққа төсейтіні. «Орындық» деп аталады өзі. Олар 200 теңгеден, тіпті 150 теңгеден басталады. Бұл жерде біз өзіміз   өндіруші бағасымен сатамыз.»

Кілемдер жәрмеңкесі «Көрме» орталығында өтеді. Жәрмеңке жұмысын ертең, таңғы сағат 10:00-де бастайды. Қазан айының 3-і мен 13-і аралығында, кешкі 19:00-ге дейін қалаған кілеміңізге таңдау жасай аласыз.