Шымкентте көкпардан маусымның қорытынды жарысы басталды

221

Көкпардан Шымкентте маусымның қорытынды жарысы басталды. Бұған дейін тек ересектер арасында өтіп келген турнир тұңғыш рет жастарға ұйымдастаралды. Ал оған қатысушылар Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облысынан жиналған. Басты мақсат — келесі жылы өтетін әлем біріншілігіне баратындарды анықтау.

Әбілхан Дауылбаев атындағы турнир осы уақытқа дейін тек ересектер арасында өтіп келген. Биыл тұңғыш рет додаға жастарды салды. 18 бен 21-дің арасындағы шабандоздар Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарының құрамалары мен Түлкібас, Сайрам командалары. Барлығы 8 команда бабын сынаған жарысты еліміздің аңызға айналған балуандары бақылап отыр.

Республикалық турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға лайықтылар іріктеледі. Және келесі жылы өтетін Әлем біріншілігіне дайындықты бастайды. Еске сала кетейік, Әлем чемпионаты араға 3 жыл салып Өзбекстан Республикасында жалауын көтергелі тұр. Соңғы рет дода 2017 жылы елордада ұйымдастырылған. Нәтижесінде отандық шабандоздар ел абыройын асқақтатқан болатын.

Әбілхан Дауылбаев атындағы республикалық турнир Шымкентте 31 қазанға дейін жалғасады.

Назерке Үкібасова