Шымкентте медицина мамандары медициналық сақтандыру бойынша біліктіліктерін арттыруда

380

Бұл үшін бүгін 150 медицина маманының қатысуымен жаңа жүйені оқыту бойынша семинар басталды. Семинардың ашылуына Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиев және МӘМС бойынша жаттықтырушы Гүлжан Тұрарқызы арнайы қатысты.

Семинарға жалпы тәжірибе дәрігерлері, денсаулық сақтау менеджерлері және орта медициналық қызметкерлер қатарынан 150-ге жуық медициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Шымкент қ. МӘМС жүйесі бойынша оқыту семинарларын жыл соңына дейін жалғасатындығын мәлімдеді .

Семинар барысында мамандар жаңа жылдан бастап іске асатын жаңа жүйенің жұмыс істеу тәртібін түсіндірілді. Оқыту жұмыстарын ұйымдастырған мамандар қатысушылар арасынанда сауалнама жүргізіп, медициналық сақтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша проблемалы мәселелерін анықтады. Кейін мамандармен тікелей сұқбаттасып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, мұндай оқыту жұмыстары еліміздің барлық қалаларында жалғасын табуда. Дәрістік сабақтарынан соң мамандар жыл соңында медицина қызметкерлері арасында онлайн тест алуды жоспарлап отыр.