Шымкенттік полицейлер үш күн бұрын жоғалып кеткен 20 жасар жігітті тапты

157

Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, ағымдағы жылдың 5 қазанында үйден кетіп, қайтып оралмаған 20 жасар Банников Ярослав Дмитриевичті тапты.

Азаматқа қатысты ешқандай құқыққа қайшы әрекеттер орын алмаған.
Полиция қызметкерлері онымен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, туыстарына қайтарды.