Шымкенттік тұрғын ҚР азаматының құжаттарын рәсімдеуге көмектескен полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді

301

Шымкент қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын рәсімдеуге көмектескен полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Профилактикалық іс-шаралар барысында Шымкент қ. ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері өмірлік жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын уақытылы рәсімдей алмаған азаматша Лейла Латифшақызы Ильязованы анықтады.

Шымкент қ. ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері жедел түрде қалыптасқан жағдайды талдап, тез арада түсінік беріп, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.

Өз кезегінде, азаматша Ильязова Лейла Латифшаевна полиция қызметкерлеріне осы мәселені қысқа мерзімде шешілуіне атсалысып, көмегін аямағаны үшін алғысын білдірді.

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында ол белгіленген тәртіппен оны Қазақстан Республикасының азаматы екенін анықтайтын тиісті құжаттарды алады.

«Полиция қызметкерлері маған өткеннен қазіргі уақытқа мен үшін тарихқа айналған қадам жасауға көмектесті» – деп атап өтті.