Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында 2005 жылы туылған қызы таңертең мектепке кеттім деп үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмағанын көрсетеді. Ордабасы ауданының полицейлері ақпарат келіп түсе салысымен, кәмелет жасына толмаған қызды іздестіру шараларын жеделдетіп, шұғыл іске кіріседі.
Куәгерлерден сұрастырып, қыз барады-ау деген аймақтарды тексереді. Жағдай кәмелет жасына толмаған қызға байланысты болғаннан кейін іздестіру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Полицейлер қыз жоғалған күннен, келесі күні түнгі уақытқа дейін тоқтаусыз жұмыс жүргізіп, нәтижесінде 9-сынып оқушысын Шымкент қаласынан тауып алады. Табылған қызбен психологтар сөйлесіп, анасына аман-есен табысталды.
Полицейлердің анықтауынша, 14 жасар қыз Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған. Қазіргі таңда болған жағдайлар толық тексерілуде. Өз кезегінде қызын жоғалтып, полицейлерден көмек сұраушы ана 1қызын дін-аман тауып берген полицейлерге аналық жүрегімен алғысын білдірді. Күнделікті жаңалықтардан қыздардың жоғалып, мүлдем табылмай қалып жатқанын, табылсада бір жағдайға ұшырайтынын естіп отырамыз. Сондықтан қызымды асқан қырағылықпен тауып берген полицейлерге мың алғыс!» -дейді ана.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ұл-қыздарыңызды үнемі қадағалап, араласатын ортасын бақылауда ұстаңыздар деп кеңес береді. Сонымен қатар, өтпелі кезеңде жүрген жасөспірімдермен ашық сөйлесіп, қажет кезінде дос болуға шақырды. Мұндай ата-ана мен балалар арасындағы тығыз қарым-қатынас түрлі орын алатын түсінбеушіліктердің алдын алады.