Ясауи кесенесіне кіру билеттері онлайн әрі терминалдар арқылы сатылымға шықты

232

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін цифрландыру жобасы жүзеге асырылуда. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің  бірлесуімен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кесене аумағында терминалдар мен турникеттер орнатылды.

Енді әрбір келуші кесенеге кіру билеттерін сайт арқылы (pay.azretsultan.kz) онлайн түрде және кесене аумағында орналасқан терминалдар арқылы сатып алуына қолайлы жағдай жасалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа жүйемен танысып, ең алғашқы пайдаланушысы ретінде сынақтан өткізді.

Зияратшылар мен туристер кесенеге  билеттерді турникеттерге QR-кодын сканерлеу арқылы кіре алады.

Айта кетерлігі, келушілер терминалдардан қазақша, орысша, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет ала алады.

Сонымен қатар, келушілердің санын бақылау үшін кесене аумағында «People counting system» камералары орнатылды. Мұның барлығы
келген туристердің санағын жүргізуге, олардың туристік объектіні көрудегі
эмоциясын бақылауға мүмкіндік беретін болады.