Шымкентте ауа райына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқитын болады

3455

Шымкентте білім беру ұйымдары қашықтан оқыту режиміне ауысады. Оған ауа райының күрт суытып, нашарлауы себеп болып отыр.

Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 13-15 желтоқсан күндері 0-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтан оқитын болады.

Айта кетейік, синоптиктердің болжауынша Шымкентте 13 желтоқсан күні -25 градусқа дейін аяз күтілуде. Ал 12-13 желтоқсан күндері қалада секундына 15-23 метрге дейін жететін жел болжануда.