№1 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып Шыңғыс Байменов тағайындалды. Ол бұған дейін  хирургиялық бөлімнің бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарған. Жоғары санатты уролог.

Бүгін Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев медициналық мекемеге барды. Қызметкерлермен жағдай туралы сөйлесті.

Еске сала кетсек, Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Абылай Донбайдың уақытша ұстау абақтысына қамалған болатын. Оған «Трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «Адам ағзаларын заңсыз алып тастау» баптары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған болатын.