Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жыл басынан бері атқарған ауқымды жұмыстарды қорытып, есеп берді.Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы осы кезеңде іске асырылған шаруаларды бірлестік төрағасының міндетін атқарушы Серік Елемесұлы Әуесханов баяндады.

Тоғыз айдың ішінде өңірде кәсіподақтықтардың араласуымен талай шаруаның басы қайырылды. Осынау кезеңде ауыз толтыра айтар жұмыстарымыз баршылық. Атап айтар болсақ, кәсіподақ пен жергілікті билік өкілдерінің араласуымен жалақы қарызының азаюына септігін тизігіп отыр. Шымкент қаласы бойынша жыл басына бері 10 мекеменің 1293 жұмыскер алдындағы 192,8 млн. теңге жалақы қарызы болса, жалақы қарызы бар мекемелер саны 4 мекемеге азайған. Нәтижесінде 1221 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

Жалақы қарыздары бойынша үшжақты комиссиямен жалақы қарыздарын шешу бағытындағы тиісті жұмыстар Түркістан облысында да нәтижесін көрсетуде. 2019 жылдың 9 айында 10 кәсіпорында 840 жұмыскер мен қызметкерлер алдында 178,5 млн. теңге жалақы қарызы анықталып, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 7 кәсіпорында 132,4 млн. теңге жалақы қарыздары төленді. Нәтижесінде 807 жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек құқықтары қорғалды.

Бірлестік өкілдері еңбек қауіпсіздігін азайту мақсатында да ауқымды шаралардың басы-қасында жүр. Кәсіпорындар мен мекемелерде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша Түркістан облысында 17 қала, ауданында 44 еңбек ұжымдарымен кездесу ұйымдастырды. Кәсіподақтықтар Шымкенттегі бірқатар өндіріс орындарында болып, жұмысшылармен кездесті.Мұндай нәтижелі жұмыстар қазір еңбек қауіпсізідігіне қатысты туындайтын мәселелердің алдын алып отыр.

Ұжымдық шарт жасасу бойынша да жұмыстар қызу жүргізілуде. Айта кетейік, Түркістан облысында 4854 кәсіпорында Шымкент қаласы бойынша 1033 кәсіпорында ұжымдық шарт жасалған. Кәсіподақтар орталығы жанындағы татуласу орталығының жұмысы да қарқынды. Орталықта жалпы 422 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, дауларды шешу бойынша 251 адамға және психологиялық көмек көрсету бойынша 171 адамға көмек көрсетілген. Медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтар 251 болса, оның барлық 251-і бітімгершілікпен сәтті аяқталған.

Айта кетейік, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған Оқу орталығында жыл басынан бері 100 оқушы қосымша кәсіби білім алып жатыр. Оқу процесіне тиісті педагогтар жұмылдырылып, оқушылар тәжірибеден өту үшін бірқатар кіші кәсіпорындармен келісім-шарт жасалды. Кәсіподақтар орталығы жанындағы «ПРОФТУР» туристік орталығының жұмысына тоқтала кетсек. Бүгінгі таңға кәсіподақ мүшелері мен өңір тұрғындарының қажеттілігіне сәйкес 13 шипажаймен агенттік келісім жасалды. Бүгінгі күнге жолдама сату жұмыстары басталып, алғашында жалпы 82 жолдама өткізілсе, оның 78-і шипажайларға және 4-уі балалар жазғы лагеріне берілген.

Кәсіподақтықтар Арыста орын алған жарылыс кезінде де белсенділік танытып, азаматтық қоғам өкілдерінің ішінде алғаш болып, халыққа көмек қолын созды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басшылығы Арыс қаласының қақпасының құрылысын қолға алып, оны жылдам аяқтап 10 қазан күні салтанатты түрде пайдалануға берді. Жарылыс кезінде зардап шеккен 40 адамға шипажайларға жалпы құны 4,0 млн. теңгені құрайтын жолдамалар тапсырды.

Іс-шаралар жалғасы Арыс қаласындағы «Мұз тау» мейрамханасында 150 адамға дастархан жазылып, құрбан айт күнінде ас берілді. Кәсіподақ бірлестігінің бастауымен Арыста «Бірыңғай қызмет көрсету орталығы» ашылды. «Келешек» жастар қанатының белсенділері Арыста сенбілік ұйымдастырды. Осылайша еліміздегі ең ірі ұйым өкілдері елдік пен ерлік сыналатын қиын-қыстау кезеңде қарапайым халықтың жанынан табылып, медеу бола білді.