Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында заңсыз қойылған сауда дүңгіршектерді жою мақсатында рейдтік шараға ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары еш рұқсатсыз салынып, сауда жасап тұрған орындарды ретке келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер Жібек жолы ауылында орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің алдын жабайы саудадан арашалады. Өз бетінше белгіленбеген жерге пластикалық рамадан жасалған дүңгіршектерін қойып, заңсыз ақша айырбастау пунктерін ашып алған тұлғаларды тәртіпке шақырды. Оларға заңсыз ақша айырбастауға болмайтындығын түсіндіріп, арнайы техниканың көмегімен аталған дүңгіршектер орындарынан алынды.
«Тексеріс барысында Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ-мен 5 азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалармен елді мекендер инфрақұрылымы обьектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша ескерту жасалды. Оған қоса, осы заңсыздық қайта жасалған жағдайда 20АЕК (50500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полицейлер жеке кәсіпкерлерге тек арнайы белгіленген орындарда ғана сауда жасауға, дүңгіршек орнатуға кеңес береді», делінген хабарламада.