Шымкенттегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының үйлеріне газ құрамын өлшейтін аспаптар тегін орнатыла бастады. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Тетікті тегін орнату үшін қайда бару қажет?
Бұл кішкентай құрылғының атқарар қызметі зор. Газ құрамын өлшейтін аспап демеушілердің қолдауымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға сыйлыққа берілді. Мамандар тетікті тегін орнатып берді. Төтеншеліктер мен әкімдік қызметкерлері бұл шаралар тұрғындардың газдан улануын алдын алады» дейді.
Жыл соңына дейін қаладағы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың барлығының үйлеріне осындай құралдар орнату жоспарланып отыр. Қазір билік өкілдері демеушілермен тығыз жұмыс жүргізіп жатырмыз дейді.
Айта кетейік, биылғы жылыту маусымында улы газға тұншыққан 7 адам ажал құшқан. Мамандар осындай келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейтіп отыр. Аталған санатқа жататын қондырғыны орнатқысы келетін тұрғындар әкімшілікке өтініш білдіруі тиіс.
Гүлнұр Әмірәлі