Шымкентте токсиколог-дәрігерлер уланған бір отбасы мүшелерін аман алып қалды

150

Шымкентте токсиколог-дәрігерлер уланған бір отбасы мүшелерін аман алып қалды. Оқиға 19 қараша күні кешкі уақытта болған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 54 жастағы әжесін үш немересімен (3 және 5 жасар ұл бала мен 2 жасар қыз бала) Шымкент қалалық гипербариялық оксинигенациялық орталығына жеткізген. Нәтижесінде, токсикологтардың шұғыл әрекет етуі арқасында уланып қалған бір отбасы мүшелері аман қалды.