Шымкент: Дәрігерлер уланған науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғымен емдейді

73

Шымкентте дәрігерлер түрлі дәрежеде уланған науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғымен емдейді. Медицина мамандары қырық жылдан астам уақыттан бері «Арыс МТ» атты барокамера кешенінің көмегімен ауыр жағдайдағы күйік шалған науқастарды емдеп, ажалдан арашалап жүр. Әуе ұшағына ұқсас жасалған апараттың ішінде дәрігерлер бір мезетте терапиялық ем жасап қана қоймай, ота да жасайды.

«Арыс Мт» құрылғысы бір қарағанда үлкен әуе ұшағына ұқсайды. Барокемара ішінде күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабеті сынды сырқатқа шалдыққан пациенттерге терапиялық емдеу жұмыстары жүргізіледі. Оттегімен қамтамасыз ететін кешеннің ішінде хирургиялық ем жасауға да болады.

Мадина Ермағанбетова, Т. Орынбаев Атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері: «Бұл кешен екі блоктан тұрады. бірінші блокта емдеу, екіншісінде операция жасауға болады».

«Арыс-МТ» операциялық-терапиялық баро­кешенінінде дәрігерлер 40 жылдан аса науқастарға медициналық көмек көрсетіп келеді. Ал 1994 жылы дәл осы аппараттың ішінде ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге кесір тілігі отасы жасалып, ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуде үлкен жетістікке жетті. Әлі де мұнда жүкті әйелдерге емдеу жұмыстары жүргізіледі.

Жарты ғасыр бұрын құрастырылған «Арыс МТ» аппараты әлі де сыр бермей, емдеу жұмыстарын толық жүргізуге қауқарлы. Мұнда орта Азияда теңдесі жоқ құрылығының көмегімен дәрігерлер күйік шалған және уланған ауыр жағадайдағы мыңдаған науқастың өмірін аман алып қалған.

Лаура Нақыпқызы