Жиһадқа үгіттеген азамат ұсталды. Терроризмді және діни эктремизмді насихаттағаны үшін Түркістан қаласының 39 жастағы тұрғыны Темір Стамбеков күдікті ретінде құрықталды.
Деструктивті діни ағым жақтасы отбасын да өзі ұстанған ағымға кіруге мәжбүрлеген. Одан қалса, кереғар пікірлерін мешіт имамдарына ашық білдіріп отырған.
Қазақстанда тиым салынған ДАИШ террористік ұйымның әрекеттерін мақтан тұтқан азаматтың отбасымен қазір теологтар жұмыс істей бастады.
Сирияға кетуді жоспарлап қойған азамат өзінің кінәсін мойындағаны белгілі болды. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
Ғалымжан Кенжебек