«Көрме» орталығы 2019 жылды «Мейірімділік жүректен» қайырымдылық шарасымен аяқтады

617

«Нұрсәт» шағынауданындағы «Көрме» орталығы ұжымы  биыл атқарылған жұмыстарды  қорытындылады.

Орталық қызметкерлері үшін жылды қайырsмдылық іс — шарасымен аяқтау дәстүрге айналған. «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық іс — шарасына тағдырдың тауқыметін көрсе де мойымайтын қайсар жандар арнайы шақыртылыпты. Ұжым осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, жомарттылық, жанашырлық сияқты ізгі қасиеттерді дарытуды қолға алған.

Айшабибі Жұмабай, Шымкент қаласының тұрғыны: «Отбасында өзімнен кейін екі сіңлім бар. Ата-анам жоқ. Нағашы атамның тәрбиесіндеміз. «Көрме» орталығы  ұйымдастырған қайырsмдылық шараларына қатысып тұрамын. Осы жолы да өз бұйымдарымды алып келдім. Бізге қамқорлық көрсеткен жомарт аға-әпкелерімізге алғысымды білдіремін. Арманым оқуға түсіп, қолөнермен кәсіби түрде айналыссам деймін. Әзірге, мүмкіндік болмай тұр».

Зағип жан Айша бибі небәрі 20 жаста. Қайырымдылық іс-шараға шақырту алған көпбалалы ана Балзия Малхарова  көтеріңкі көңіл сыйлаған жандарға ризашылығын білдірді.

Көпбалалы ана

Қарттар үйін паналаған жалғыз басты ана  жиналған қауымды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, жақындарының амандығын тілеп, мұқтаж жандарға  мүмкіндігінше қайрымдылық жасауға шақырды.

Александра Ханяшева, қарттар үйінде тұратын жалғызбасты ана

Алла берген сынақты көтере білген жерлестеріміздің өмірге деген құлшынысы   баршамызға үлгі-өнеге.

Шынар Оразова