Шымкент қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты, Шымкент қаласының білім саласын бақылау департаменті, және білім басқармасымен бірлесе отырып білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен білім беру мекемелеріндегі мектеп формасына қатысты қойылатын талаптар талқыланды.
Жиын барысында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Бекназаров ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы жауапкершілікке тарту шаралары бойынша нормативтік құқықтық актілермен дұрыс жұмысты үйлестіру бағыты бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сонымен қатар, білім саласын бақылау департаментінің басшысы Ж.Тажиева білім беру ұйымдарында ішкі тәртіппен бекітілген мектеп формасын сақтамау фактілері оқу жылының басында 334 болса, бірлескен жұмыстың нәтижесінде 253 оқушының ата-анасы мектеп формасына қойылған талаптарды орындағаны туралы атап өтті.
Алдағы уақытта да мекемелер тарапынан Осы мәселе қатаң бақылауға алынып, оң нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізу жоспарланды. Білім мекемелерінің басшылары жиын соңында заң талаптарына сәйкес пікір алмасу жұмысын кең көлемде талқылап, қойылған сұрақтарға толық жауап алғандары үшін өз алғыстарын білдірді.