Мемлекеттік қызметкерлер мерекеде үстел теннисінен өзара мықтыны анықтады

149

Шымкенттің Еңбекші ауданында өткен жарысқа бұл жолы 30-ға жуық қатысушы жиналған. Олардың арасында ауыр атлеттер мен каратэден жаттықтырушылар да бар. Ауыр атлетикадан ел үздігі Индира Әбіш бұл жолы өзін үстел теннисінен сынап көрмек

Еңбекші ауданы ұйымдастырған жарысқа спортшы қыз алғаш рет қатысып отыр. Білекті арудың қарсыластары зілтемірден спорт шеберлері емес мемлекеттік қызметкерлер.

Индира Әбіш, ауыр атлетикадан спорт шебері: «Мен бұған дейін үстел теннисімен айналыспағанмын. Үнемі ауыр атлетикамен айналысып келгеннен кейін маған кішкене қиындау түсіп жатыр. Десе де тырысып бағудамын».

Тұңғыш президент күніне арналған жарысқа 30-ға жуық қатысушы келген. «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жарыс осымен 5-рет ұйымдастырылды.

Спортты қолдаймыз деген Еңбекші ауданының әкімдігі өткен жылы 25 спорт алаңшасын қолданысқа берген. Ал, ағымдағы жылы 33 ауланың спортсүйер қауымы қуанышқа бөленіпті. Келесі жылы тағы 5 спорт алаңшасы жоспарда тұр екен.

Назерке Үкібасова