фото shymkent.gov.kz

Директорлар кеңесінің шешімімен «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болып Нұржан Өмірсерікұлы тағайындалды. ⠀

Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. ⠀Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» және Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің есепшісі болып бастаған. 2006-2008 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы; 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутатының көмекшісі; 2011-2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы; 2014-2018 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болса, бүгінгі күнге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келген.