Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Ақылбек Қарабалаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте осылай деді. Айтуынша, сатылған мүліктердің жалпы құны 34 млн. теңгеден асады.

Сондай-ақ, департамент құны 1 млрд. теңгеден астам қаражатты құрайтын 800-ден астам мүлікті мемлекет меншігіне қабылдаған. Осы уақыт аралығында 30-дан аса жеке тұлға мемлекеттік ғимараттарды жалға алыпты.

Ақылбек Қарабалаев, Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы: «Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелері орналасқан әкімшілік ғимараттар біздің департаменттің теңгеріміне ғимараттарды күтіп-ұстау қызметтерін қамтамасыз ету үшін беріліп отыр».

Мақпал Рысбаева