Шымкент қаласында жыл басынан бері он бес мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев айтып берді.
Оның сөзіне сүйенсек, қалада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2019 жылдың басынан бері 4 мыңнан аса азамат жолданған. Сондай-ақ, Шымкентте бос жұмыс орындарына азаматтарды жолдау жұмыстары да жүйелі жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2019 жылдың басынан бері 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған.
Мақпал Рысбаева