Қазақстанның Тәуелсіздігі қарсаңында Шымкент мұнай өңдеу  зауытының басшылығы өндіріске жақын орналасқан елдімекендегі ақсақалдар мен қоғам белсенділерімен кездесу ұйымдастырды.

Шара барысында тұрғындар кәсіпорында жаңа өнім алу бағытында атқарылған жаңғырту жұмыстарымен танысты. Қоршаған ортаны қорғауда экологиялық талаптардың орындалуы, жаңа технологиялар, қауіпсіздік шараларының сақталуы ауыл қарияларының назарында.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау ауқымды жобасын іске асыру бойынша «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-і мен бас мердігер  болып табылатын «СРЕСС»- Қытай мұнай  инженерлік-құрылыс коспаниясы алдына қойылған міндеттерді  сәтті орындап шығуы осындай тең басқарудың өзара тиімді  ынтымақтастығының көрсеткіші болып табылады.

Жобаның бірінші кезеңі  аяқталғаннан кейін – жеңіл нафтаны изомерлеу қондырғысы, жылына 4,0 мың тонна күкірт өндіру қондырғысы, реконструкциядан өткізілген отынын гидротазалау қондырғысы, автоматты нүктелік құю қондырғысы пайдалануға  берілді.

Жобаның екінші кезеңі бойынша-каталитикалық крекинг кешені, каталитикалық крекинг бензинін гидротазалау қондырғысы, қысқа циклді адсорциялау қондырғысы енгізілді. Сондай-ақ, қуаты жылына 6.0 млн. тонналық ЛК-6У кешенінің АТ қондырғысы реконструкциядан өткізілді.

Кәсіпорын жүмыскерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жоғары көрсеткіштері үшін «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-і «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай ұйымдастырылған «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» байқауында арнайы дипломмен және жеңімпаз кубогымен марапатталды.

Бүгінгі таңда «ПКОП» ЖШС озық жаңа технологиялар, цифрландыру, өндірістік процестерді жетілдіру салаларында  халықаралық тәжірибе кеңінен қолданылуда.

 

Шынар Оразова