Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы  ұйымдастырған «Таза қала» акциясы қортындыланды.

«Таза қала»  акциясының «Үздік аудан» номинациясында  жеңімпаз болып Еңбекші ауданы танылды.

«Үздік аула» номинациясында Абай ауданы бойынша 1-ші орынға Ю. Гагарин көшесі  107 ие болды,  үй төрайымы Мухтарам Тойметова.

Әл Фараби ауданы бойынша 1-ші орынға Т. Әлімбетов көшесіндегі  45 «В» үйінің тұрғындары ие болды, төрайымы Рахиева Қарлығаш.

Еңбекші ауданы бойынша 1-ші орынды  16 шағынауданындағы № 54 үй жеңіп алды, төрайымы Томина Нина.

Қаратау ауданы бойынша 1-ші орынға Тассай тұрғын алабындағы Ш. Уәлиханов  көшесіндегі №2/1 үйінің тұрғындары ие болды, төрайымы Григорьева Елена.

«Үздік көше» номинациясының жеңімпаздары:

Абай ауданы бойынша «Қатынкөпір» шағынауданындағы Онтаев көшесі, төрайымы Нұрипа  Түктібаева;

Әл-Фараби ауданы бойынша  «Химфарм» шағын ауданындағы Ерметов көшесі, төрағасы  Рисматжан Сайдуалиев;

Еңбекші ауданы бойынша  Аблязимов көшесі,  төрайымы Ольга Бедило;

Қаратау ауданы бойынша  «Асар» шағынауданындағы №26 көше, төрағасы Абдрахман Қалбаев.

Шынар Оразова