АӘК: 271 отбасыға ақшаны қайтару жөнінде хабарлама жіберілді

143

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алудан 30 мыңнан астам отбасы ниетті. Құжаттарды қабылдау басталған күнен бастап, олардың 1500-і құжат тапсырған.

Мамандар ай соңына дейін құжат тапсырушыларды толық қамтимыз деп отыр. Ол үшін қазір АӘК құжат қабылдау бөлімдерінде барлық жағдай қарастырылған. 80-ге жуық еріктілер келушілерге жол сілтеп, кімге қалай жолығу керектігін көрсетіп жүр.

Еске сала кетейік, мемлекеттік жәрдемақы нағыз мұқтаж жандарға беріледі. Өйткені, өткен жылы бұл көмекті әл-ауқатты отбасылар да алғандығы белгілі болған. Яғни, 271 жанұяға ақшасын қайтару жөнінде хабарлама жіберілген.

Биыл бұл олқылықтар қайталанбас үшін, жаңа бағыттағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін комиссия мүшелерінің құрамы күшейтілген.