Алкогольдік өнімдерді лицензиясыз сатқаны үшін айыппұл арқалады

27
фото Ашық дереккөз

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

Отырар аудандық сотында 27 наурыз 2024 жылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 92 300 (тоқсан екі мың үш жүз) теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Себебі, 2024 жылғы 24 ақпан сағат 22:50 шамасында жеке кәсіпкер құқық бұзушы Д.Б-ы Отырар ауданы, Маяқұм ауылында орналасқан дүкенде алкогольдік өнімдерін сақтауға және өткізуге тиісті лицензиясыз өнімдерін сақтап және сатылуына жол бергені анықталып хаттама түзілген.
Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін көрсеткен.
Сот қаулысымен салынған айыппұлды ерікті түрде қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төленуі тиіс екендігі түсіндірілген.
ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-бөлігінде Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылатыны түсіндірілген.
Сот қаулысы заңды күшінен енбеген.