Абай саябағының атауы енді кирилицада жазылды. Мұны шымкенттіктердің бірі дұрыс деп қабылдаса, ал бірі президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында айтылған пікірінен кейін жасалған іс әрекет деп топшылайды.
Естеріңізге қала кетейік, мемлекет басшысы «Латын графикасындағы әліпбиге көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайды. Тыңғылықты, тексерілген ұстаным талап етіледі. Жан-жақты сараптау және жаңа әліпбидің барлық аспектілерін әзірлеу қажет. Латын әліпбиінің ұсынылған үш нұсқасы да жетілдірілмеген болып шықты. Сондықтан бұл проблемада шынайы ғылыми әдіс керек және жеңілдетуге болмайды» деген болатын. Ал жауаптылар саябақтың атауында қателік кеткендіктен ауыстырылды дейді.
Ерубай Құралбаев, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы: «Былтыр жылдың соңында құзырлы органдардың тапсырысы бойынша Абай саябағының атауын латыннан кириллицаға ауыстырып қайта орнаттық. Бұл мақсатта бюджеттен 505 мың теңге жұмсалды».
Шынар Оразова