БИЫЛҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ

266

Әрбір Жаңа жыл зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшері қаншаға өсіп, неше теңге болғанымен басталады. Азық-түлік, зат бағасының қымбаттауы да қатар жүретіні және бар. Сонымен зейнетақы, әлеуметтік төлем және түрлі төлемдердің биылғы мөлшері қанша болды?

ЗЕЙНЕТАҚЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлердің зейнетақы төлемі мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақылардың негізгі мөлшері 7 пайызға көбейді. Зейнетақы төлеміне қосымша төленетін базалық зейнетақы мөлшері әр азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысқан кезеңіне сәйкес, ең кемі 16 839 теңгеге, ең көбі – 31 183 теңгеге дейін артады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін, ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 46 айлық есептік көрсеткішпен шектеліп, анықталады. Демек 121 946 теңгеден анықталады ( АЕК 2651 х 46 =121 946).

2020 жылдың қаңтарынан бастап:
Ең төменгі зейнетақы – 38636 теңге (36108 теңге)
Ең жоғарғы зейнетақы – 74569 теңге (69690 теңге)

 

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің және күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлермдердің де мөлшері біршама өзгерді.
Сонымен, күнкөріс мөлшерінің өзгеруіне байланысты жаңа жылдан бастап:

Мүгедектердің жәрдемақысы :
І топ — 59872 теңгеге (57021 тг);
ІІ топ — 47710 теңгеге (45438 тг);
ІІІ топ — 32431теңгеге (30886 тг);

16 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы — 43657 (31183 тг)теңгеге артты.

16 жастан асқан мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:
І топ — 59872 теңгеге (57021 тг);
ІІ топ — 49581 теңгеге (47220 тг);
ІІІ топ — 37420 теңгеге (35638 тг) көбейді.

Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін — 43657 (41578 тг) теңге;

Бала кезінен І топтағы мүгедек баланың күтімі үшін — 43657 (41578 тг) теңге алады.

Асыраушысынан айырылғандарға:
1 балаға — 26 818 теңге (25541 тг);
2 балаға — 46 463 теңге (44251 тг);
3 балаға — 57 689 теңге (54942 тг);
4 балаға — 61 119 теңге (58209 тг);
5 балаға — 63 302 теңге (60287 тг);
6 және одан көп балаға — 65797 (62663 тг) теңге көлемінде жәрдемақы төленуде.

Тұл жетімдер:
– Әрқайсысына бөлек — 36796 (35044) теңге жәрдемақы төленуде.

БАЛА КҮТІМІ

Айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеге өсуіне байланысты:
№1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 24973 (23786 тг) теңгеге ;
№2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 22216 (21160 тг) теңгеге ұлғайды.

– 1, 2 және 3-ші балаға — 100 738 (95950 тг) теңгеге;
– 4-ші және одан көп балаға 167 013 (159075 тг) теңгеге артты.

1 жасқа дейінгі бала күтіміне:

– 1 балаға — 15 270 теңге (14544 тг);
– 2 балаға — 18 054 теңге (17196 тг);
– 3 балаға — 20 811 теңге (19823 тг);
– 4 және одан көп балаға — 23594 (22473 тг) теңге тағайындалды.

ЕСКЕРТУ: Егер жас ана декрет демалысына шықпай тұрып жұмыс істесе, онда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері оның жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады. Бұл мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді.

– Кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар, көп балалы отбасылар ай сайын мемлекет есебінен әр балаға – 10 625 теңге алады.
Бұл дегеніміз:
4 балаға – 42 496 теңге (10 504 тг),
5 балаға – 53 125 теңге (10 504 тг),
6 балаға – 63 750 теңге (16 160 тг),
7 және одан да көп балаға – 74 375 (16 160 тг) теңге төленді.

2020 жылдың
1 қаңтарынан бастап:
– Айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге
– Ең төменгі зейнетақы
– 38 636 теңге
– Ең төменгі төменгі базалық зейнетақы төлемі – 16 839 теңге
– Күнкөріс деңгейі
– 31 183 теңгені;
– Ең төменгі жалақының
– 42500 теңге

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар – 16967 (16 160 тг) теңге көлемінде жәрдемақы алады.
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алады. АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленеді. 3 айда бір рет (квартал) шамамен жан басына – 10054 теңге. Бұған дейін отбасының әр баласына – 20789 теңгеден 6 айға (шартсыз) не 1 жылға (шартты) тағайындалған.

Бұған қоса заттай көмек алады:
– Мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері;
– Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу;

1 жастан 6 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында келесі тауарлар ұсынылады:
– гигиена құралдары: балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат (тоқсанына 1 рет);
– физиологиялық нормаларға сәйкес ғылыми-негізделген балалар үшін арналған азық-түлік жиынтығы (ай сайын 4710 теңге беріледі);
– стоматологиялық көмек көрсету кіреді.

АРДАГЕРЛЕРГЕ

– ҰОС қатысушылары мен мүгедектері — 42416 (40400 тг) теңге
– ҰОС-да қаза болғандардың жесірлері — 11877 (11312 тг) теңге
– Соғыстан кейін қаза болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) — 6787 (6464 тг) теңге
– Кеңес Одағының Батырлары мен үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері — 367 509 (350 041) теңге
– Социалистік Еңбек Ері, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері — 197 898 (188 492) теңге көлемінде ай сайын жәрдемақы алады.
– Тыл еңбеккерлерінің жәрдемақысы —5647 (5379 тг) теңгеге көбейді.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап, Еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан жүргізілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға артты.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкрот салдарынан таратылған заңды тұлғалардың ҚР азаматтарына ай сайынғы төленетін төлемдері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 пайызға өсті.

КІСІНІ ЖЕРЛЕУГЕ – 41 621 ТГ

– Жерлеуге берілетін жәрдемақы көлемі – 41621 ( 39643) теңгені құрап отыр.
– ҰОС ардагерін және мүгедектерін жерлеу үшін мемлекет есебінен – 97027 (92415 тг) теңге беріледі.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ

«Оңтүстік Рабат», №1-2, 8 қаңтар 2020 ж