Ақпараттық Коммуникациялық Орталығы facebook әлеуметтік желісінде күні кеше жазба жариялады.

«Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді. Әкімдікке және әкімге сұрақтарыңызды murat__aitenov аккаунтына жолдай аласыздар. Қала әкімінің ресми жалғыз аккаунты (murat__aitenov) бар. Қалған аккаунттардың барлығы ЖАЛҒАН (ФЕЙК) екендігін мәлімдейміз» делінген жазбада.

Бір қызығы Instagram әлеуметтік желісінде дәл осы аккаунт өзге адамның атына тіркелген. Ал қала әкімінің аккаунты murat__aitenov2020 болып тіркелген. Әзірге 361 жазылушы тіркелген. Әкімге айтар өкпе назы барлар тіркелген соң бұл санның миллиондарға артары сөзсіз.