Мұрат Әйтенов Шымкенттің әкімі болып қайта тағайындалды

78

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновті үшінші мегаполистің әкімі етіп қайта тағайындады, – деп хабарлайды ОТЫРАР.

Қазір біздің түсіру тобымыз әкімдіктің бас ғимаратында. Белгілі болғандай, қазір әкім қайта тағайындалды, Әйтенов мегаполис басшысы ретінде жұмысын жалғастырады. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

Бір жарым айдан кейін үшінші мегаполистің тізгінін ұстағанына тура 3 жыл толады. М.Әйтенов 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарып келеді.

Еске сала кетсек, Мұрат Әйтенов 1981 жылы Түркістан облысында Жетісайда дүниеге келген.  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер. Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.