АӘК-ге өтініш білдіруші тегінің (фамилия) бірінші әрпі бойынша қабылданады. Шымкентте АӘК-ге құжаттар тапсыру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталады, деп хабарлайды мамандар.
Шымкент қаласында АӘК-ге құжат тапсыру тәртібі:
1. Өтініш білдіруші тегінің бірінші әрпі бойынша қабылданады
А, Ә – 5-6 қаңтар;
Б, В – 8-9 қаңтар;
Г, Ғ, Д – 10-13 қаңтар;
Е, Ё – 14-15 қаңтар;
Ж, З – 16-17 қаңтар;
И, Й – 20 қаңтар;
К, Қ – 21-22 қаңтар;
Л, М – 22-23 қаңтар;
Н, О, Ө – 27 қаңтар;
П, Р – 28 қаңтар;
С, Т – 29 қаңтар;
У, Ү, Ұ – 30 қаңтар;
Ф, Ц, Х, Ч, Ш, Щ, І, Ы, Э, Ю, Я – 31 қаңтар күндері.
2. Тиісті құжаттар – жеке куәлік және өтініш берушінің банктен жеке есепшоты Отбасында 23 жастан аспаған студент бала болса, оқу орнынан анықтама;
Некені бұзу туралы куәлік болған жағдайда, алимент туралы анықтама; Әке болып тану туралы (егер әкесі отбасымен бірге тұрмаса) куәлік болса, алимент туралы анықтама қажет.
3. АӘК-ге өтініш берушілер тұратын мекенжайы бойынша өз ауданының мамандарына жүгінеді.
Мамандар немесе кеңесшілерге наразы болған жағдайда бөлім басшыларына хабарласуларына болады:
Абай ауданы – Бөрібеков Еркебұлан Мұратұлы, 8-707-125-7696;
Әл-Фараби ауданы – Давлетов Зухруддин Закиржанович, 8-775-651-8689;
Еңбекші ауданы – Амангелді Қонарбай Амангелдіұлы, 8-702-962-8816;
Қаратау ауданы – Нұрбекова Айгерім Сайфидинқызы, 8-701-127-1113.