Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында жергілікті тұрғын баласын қоғамдық көлік арқылы үйіне салып жіберген, алайда баласы кешкі уақытқа дейін үйіне бармаған. Аталған жайт бойынша анасы Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жасөспірімді тауып, ата-анасына табыстады.
Өз кезегінде жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.