Жоғалған бала базардан табылды

50

Полицейлер жоғалған 5 жасар қызды базардан тауып, отбасына қайтарды. Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, сағат 13:00 шамасында ауласында ойнап жүрген немересі белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Өздері іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен тауып беруін өтінген.
Аталған жайтты естіген бойда полиция қызметкерлері тұрғынның үйіне барды. Олар мән-жайды анықтап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған қыз 1 сағат уақыт аралығында 2 шақырымдық орталық базардан табылды. Анықталғандай кішкентай бүлдіршін ауласында ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Тәртіп сақшылары оны отбасына апарды.
Немересін аман-есен тапсырған тәртіп сақшыларына әжесі алғысын білдірді. Ол: «Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеттерінің арқасында немерем 1 сағатта табылды. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздерге алғысым шексіз!» – деп атап өтті.