Шымкент: Жоғалған жасөспірім аман-есен табылды

77

Шымкентте жоғалған жасөспірім табылды. 23 наурызға қараған түні Еңбекші аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 2010 жылғы ұлының жоғалып кеткені туралы арызданған.

Анасының сөзінше, ойын ойнауға шығып кеткен бала қайта оралмаған. Арыз полиция басқармасына тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізілген.

Мектеп оқушысын іздеуге 150-ден астам полиция қызметкері мен еріктілер жұмылдырылған. Шымкент қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімнің аман-есен табылғанын мәлімдеді.

Гүлдана Дәурен