2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда 4 немесе одан көп баласы бар көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленуде.

Бұл туралы Шымкентте өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Айтуынша бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай, яғни:
– 4 балалы отбасыларға – 42500 теңгеден;
– 5 балалы отбасыларға – 53 125 теңгеден;
– 6 балалы отбасыларға – 63 750 теңгеден;
– 7 және одан да көп балалы отбасыларға – 74 375 теңгеден төлем жүргізілуде.