Бірде-бір қазақстандық шетелде коронавирус жұқтырған жоқ

107

Қазақстандық дипломаттар шетелде жүрген азаматтар арасында коронавирус бойынша сағат сайын мониторинг жүргізіп жатыр

Шетелде коронавирус жұқтырғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Өздеріңіз білетіндей, коронавирустың ауқымы жылдам кеңейіп жатыр, сондықтан сыртқы істер министрлігі тынымсыз жұмыс істеуде, біздің шетелдік мекемелер жағдайды сағат сайын бақылап отыр. Бақытымызға орай, жұқтырғандар мен күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», — деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Иранда қанша қазақстандық жүр
Смаядияровтың мәліметінше, қазір Иранда 170-ке жуық Қазақстан азаматы уақытша тұрып жатыр.

«Олардың 74-і – елшілік қызметкері және олардың отбасы мүшелері. Жетеуі студент, вахталық әдіспен жұмыс істейтін 73 азамат, тағы 16 адам бар. Консулдық есепте 119 азамат тұр. Әр дүйсенбі сайын Тегеран-Алматы-Тегеран рейсі ұшатын, алайда қазіргі уақытта бұл әуе қатынасы тоқтатылды. Індетті жұқтырғандардың арасында қазақстандықтар жоқ», — деп түсіндірді ол.

Италияда қанша қазақстандық бар
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Италияда 1800-ге жуық Қазақстан азаматы тұрады, олардың 673-і ғана консулдықта тіркелген.

«Италиядан Қазақстанға тікелей рейстер жоқ, негізінен үшінші елдер арқылы ұшады. Біздің елшілікте жедел штаб құрылды. Олар барлығын әлеуметтік желілер арқылы хабардар етіп, бұл мәселені бақылауда ұстап отыр», — деді Смадияров.

«Италияда коронавирус жұқтырған және күдікке ілінген азаматтардың арасында қазақстандықтар жоқ», — деп толықтырды ол.