Марқұмдардың бірі әскери қызметші болғандығы анықталды

159

Бүгін таңертеңгісін екі ер азаматтың иісті газдан уланып қайтыс болғандығын хабарлаған болатынбыз. Оқыс оқиғадан көз жұмғандардың бірі қаладағы әскери бөлімде қызмет атқарғандығы белгілі болып отыр.

Бүгін 08:40-та шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Түркістан көшесі бойында орналасқан көп қабатты үйлердің бір пәтерінде 1992 және 1994 жылы туылған екі ер азаматтың денесі табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Екеуі жалдалмалы пәтерде тұрған, қайтыс болған бір ер азамат Шымкент қаласындағы әскери бөлімде қызмет атқарған, оның туысы сауда қызметкері болғандығы анықталған. Қайтыс болу себебін нақты анықтау үшін сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Үйді жылыту мақсатында газ плитаны қолданған. Газ берудің үзілісі салдарынан табиғи газ шығуы орын алды.

Оқиға орнына ТЖД-дан 3 қызметкер және Полиция департаментінен 4 қызметкер жұмылдырылды.