Úı ANONS Шымкентте жаңа зауыт ашылды

Шымкентте жаңа зауыт ашылды

фото ШӨКҚ

 

Шымкент қаласында макулатураны қайта өңдеп, картон қаптама өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, кәсіпорынның маңыздылығына тоқталды.

Құны 2,5 миллиард теңгені құрайтын жоба «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт жылына 10 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы.
Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы нәтижесінде 50 тұрақты жұмыс орны ашылып, қағаз қалдықтарын қайта өңдеу көлемі артады.

Сонымен қатар, экологиялық таза өндіріс технологияларын енгізу арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, Шымкенттің өндірістік әлеуетін нығайтуға жол ашады.