Úı ANONS Мектеп бітіруші түлектердің заңсыз автошеру ұйымдастырғаны анықталды

Мектеп бітіруші түлектердің заңсыз автошеру ұйымдастырғаны анықталды

фото ТОПД
Полиция мониторинг барысында Кентау қаласында бітіруші түлектердің заңсыз автошеру ұйымдастырғанын анықтады.
Оқиға бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде BMW, Toyota, Mercedes-Benz, Changan, Chevrolet және Hyundai көліктерінің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау талаптарын бұзу деректері тіркелді.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар көріліп, көліктер айыптұраққа қойылды.
Полиция қызметкерлері түлектер мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және заң талаптарын қатаң орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полициясының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу қамтамасыз етіліп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол берілген жоқ.