Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері бір ғасыр бұрын бой көтерген ғимаратта дәріс алуда

451

Сайрамдағы көмекші мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері бір ғасыр бұрын  бой көтерген ғимаратта дәріс алуда.

Ғимарат 1916 жылы салынған

Ерекше жандарға заманауи оқу ғимараттарынан бөлек монша, асхана, медициналық орталық пен ойынханалар қажет.

«Сайрам көмекші мектеп-интернатында бүгінде 230 ерекше жан тәрбиеленеді. Арнайы білім ордасында даму мүмкіндігі шектеулі балалар сауаттылығын ашып қана қоймай, қоғамдық өмірге бейімделеді. Олардың жетілуіне коррекциялық, ЛФК, ритмика жаттығулары, еңбекке баулу пәндері көмек көрсетеді. Интернаттағы 3 тігін және ағаш шеберханаларында балалар аса қызығушылықпен еңбек етеді»-дейді тәрбиешілер

Ағаш шеберхана орналасқан ғимарат өткен ғасырдың 30 жылдарының ортасында салынған. Ал мына ғимараттың іргетасы 1916 жылы қаланған. Төбесіндегі көне өрнектер көздің жауын алады. Керемет сақталған нысан бір ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 1961 жылы жүргізілген.

Жадыра Таңатарова, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» КММ басшысы: «Заманауи  ойынханалар, монша, асхана,  түрлі іс — шаралар өткізетін мәжіліс залы да қажет. Қоршауды да жаңалау  керек».

Мектеп-интернаттың
моншасы

Ерекше жандар жиі ауыратынын ескерсек, оларды оқшаулауға бүгінде интернатта мүмкіндік жоқ. Медициналық бекеттің бөлмелері тар. 6 мен 16 жас аралығында тәрбиеленетін балаларға массаж жасайтын кәсіби мамандар мен гинекологтар қажет» дейді мектеп -интернат басшылығы.

«Мүмкіндігі шектеулі жандар бізде мамандықты меңгеріп шықса. Құрылыс басталса, кешенді мектеп-интернат колледжін ашсақ деген  жоспарымыз бар»-дейді

Мына бұйымдар ерекше жандардың нәзік қолдарымен жасалынған. Аса қамқорлықты қажет ететін балалар қатарларынан қалыспай, бар ынталарын салып байқауларда жеңімпаз атануда. Кедергісіз келешек бағдарламасы аясында билік қолдау көрсететініне мектеп-интернаттағылар сенімді.

Шынар Оразова