Халық қалаулылары балаларға қуаныш сыйлады

676
Халық қалаулылары балаларға қуаныш сыйлады

Жаңажылдық базарлық таратып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаудан облыстық мәслихаттың депутаттары да қалыс қалмады. «Үміт» көзі нашар көретін балалар мектеп-интернаты мен Шымкенттегі саңырау балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларына халық қалаулылары тарту таралғы жасады.

Халық қалаулылары балаларға қуаныш сыйлады

Жанары мына жалғанды көрмесе де көкірек көңілі ояу, өнер мен білімге жаны құштар балғындар қонақтарды көңілді қарсы алды. Қамқорлық танытқан халық қалаулыларына сәби жүрекпен ән арнап, алғысын білдірді.

Шымкенттегі саңырау балаларға арналған мектеп-интернатының балғындары да жаңа жылдық сыйлық алып келген облыстық мәслихаттың депутатын ыждахаттылықпен күтіп алды. Мүмкіндігі шектеулі балалар ән айтып, депутат мырзаға өз қолдарымен жасаған сыйлықты естелікке сыйға тартты. Білім ұясы басшылығының да алғысы шексіз.

Халық қалаулылары балаларға қуаныш сыйлады

Осылайша жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, депутат мырзалар үлкендерден тек жақсылық күтетін кішкентай жүректерге қуаныш ұялатты. Лайым, науқандық болмасын. Естелікке түскен сурет бұл сәтті ұмыттырмасы анық.

Жанар Есенбекова