Былтырғы жылы Түркістан қаласында атаулы әлеуметтік көмек алуға 21 983 отбасы өтініш білдірген. Оның ішінде 15 782 отбасының 71 019 адамына жәрдемақы тағайындалған.
Бұл туралы былтырғы жылды қорытып есеп берген Рашид Аюпов мәлімдеді. Айтуына қарағанда шартсыз түріндегі көмек 1172 отбасының 5274 адамына, шартты түріндегі көмек 14 610 отбасының 65 745 адамына тағайындалған.
Өткен жылы тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды деп сендіреді шаһар басшысы.
Кешенді жоспар аясында есепті мерзімде 4 740 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 5 229 адам қамтылған.
Мақпал Рысбаева