Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

572

Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, бұл қызметке Марат Алиханов тағайындалды. Өңір активіне облыстың жаңа прокурорын ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов таныстырды.

Марат Тілеуқабылұлы осыған дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 24 жылдан асады.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Прокуратура органдарында тәжірибесі мол, оның ішінде басшылық лауазымдарда. ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.