WhatsApp қосымшасын әлем бойынша екі миллиард адам қолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның сайтына сілтеме жасап
«Бұрын тек кездесу кезінде айтылатын құпия әңгімелерді қазір әлемнің кез келген нүктесінде отырып чаттар мен видеоқоңыраулар арқылы жүргізуге болады. Байланыс құралын жиі неғұрлым жиі қолданғандықтан қауіпсіздікті де соғұрлым көп ойлауымыз керек. Біз желіде көп уақыт өткізетіндіктен, әңгімеміздің құпиялылығы да маңызды. Сондықтан WhatsApp-тағы әрбір хабарлама шифрлану арқылы қорғалған. Бұл шифрлау сандық құлып ретінде WhatsApp-тағы ақпараттарды және хакерлер мен қаскүнемдерден қорғайды», — делінген компанияның таратқан хабарламасында.
WhatsApp бастапқыда-ақ қарапайым, сенімді және құпия сервис ретінде ойластырылды. Қазіргі уақытта компания құпия байланысты ұсыну идеясын және әлемдегі екі миллиард қолданушының жеке хабарламаларын қорғауды қамтамасыз етіп келеді.