WhatsApp бүгіннен бастап хабарлама жіберуді шектейді

289
© Sputnik / Болат Шайхинов

Жаңа лимит дүйсенбі, 21 қаңтардан бастап алдымен Android, содан кейін iOS қолданушылары үшін енгізіледі. WhatsApp мессенджері мазмұны бірдей хабарламаны бес реттен көп жіберуге тыйым салды.

Жаңашылдыққа жалған хабарламалардың көбеюі себеп болды, деп жазды Reuters.
«Қазіргі таңда біз бүкіл әлемде бес хабарламадан артық таратуға шектеу енгізіп жатырмыз», — деді WhatsApp-тың саясат және байланыс жөніндегі вице-президенті Виктория Гранд.

Бұл жаңалық Индонезия астанасында өткен іс-шарада жарияланды. Мұндай шектеу Үндістанда өткен жылдың шілдесінен бастап қолданылып келеді. Оған жалған хабарламалар себеп болған. БАҚ 20-дан астам адам қылмыскерлердің қауесеті салдарынан опат болғанын жазды.

Бұған дейін мессенджерде бірдей хабарламаны 20 адамға немесе топқа жіберуге болатын еді.

Портал жазғандай, жаңашылдық 21 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Алдымен лимит Android, содан кейін iOS платформасының қолданушылары үшін енгізіледі.
Қазақстандықтар шындыққа сәйкес келмейтін хабарламаларды жиі алады. Жақында Ақтауда «Ислам мемлекеті» террористері (ИГИЛ — Қазақстанда, Ресейде және тағы бірнеше елде тыйым салынған террористік ұйым) қауіпті вирус жұқтырып жатқаны туралы хабарлама тарады.

Полиция қызметкерлері ереже бұзғандарды фотоға және видеоға түсіргендерге ақша төлеуге кірісті деген ақпарат та жалған болып шықты.

sputniknews.kz